Ұйым әкімшісіне

Сайтты безендіру: қаңқа, палитра, алдын ала көрініс

Мақсаты: сайттың сыртқы түрін таңдап, оны қолдану.

Қадамдар

  1. «Безендіру» бөлімін ашыңыз. Оң жақта сайттың «Алдын ала көрінісі» тұр: ол таңдауыңызды бірден көрсетеді. Көріністің үстіндегі батырмалар телефон, планшет және компьютер түрін ауыстырады.
  2. «Сайт қаңқасы»: блоктардың орналасуын таңдаңыз, мысалы «Мектеп тақтасы» немесе «Негізгі». «Жоғарғы ұйымдағыдай» нұсқасы білім бөлімінің таңдауын қайталайды, ол өзгерсе, сіздің сайтыңыз да өзгереді.
  3. «Түстер»: «Дайын палитралар» блогынан дайын палитраны таңдаңыз (мысалы, «Ертіс») немесе «Өз түстеріңізді» ашып, «Негізгі түсті», «Әсемдеу түсін» және «Бет фонын» беріңіз. Түстің астындағы ескерту оның жақсы оқылатынын айтады.
  4. «Шаблон баптаулары» блогында ұсақ нәрселерді қосыңыз не өшіріңіз: тіл ауыстырғыш, ұлттық ою-өрнек, «Қызметкерлерге кіру» сілтемесі.
  5. Таңдап жатқанда жоғарыда «Жоба» белгісі мен «Қолданылмаған өзгерістер: 1. Сайт әзірге бұрынғыдай.» жазуы тұрады.
  6. Көрініс ұнаса, «Қолдану» батырмасын басыңыз. Ойыңыз өзгерсе, «Өзгерістерді болдырмау».

«Безендіру» экраны

Басқа палитра таңдалған: өзгерістер әлі қолданылмаған

Дайын палитралар және «Өз түстеріңіз»

Не тексеру керек

Жоғарыда «Сақталған. Сайт қазір дәл осылай көрінеді.» жазуы тұр, ал жаңа қойындыда ашылған сайтта («Сайтта көру») жаңа түстер көрінеді.

Жиі кездесетін қате. Палитра таңдап, көріністі қарап, бетті жауып тастау. «Қолдану» басылмайынша, келушілер бұрынғы сайтты көреді. Фонда нашар оқылатын өз түсіңізді жүйе белгілейді: басқасын таңдаған дұрыс.