Редактордың алғашқы қадамдары
Себет және қалпына келтіру
Мақсаты: кездейсоқ жойылған жазбаны немесе файлды қайтару.
Қадамдар
- «Мазмұн» немесе «Файлдар» бетіндегі «Себет» батырмасын басыңыз.
- Қойындыны таңдаңыз: «Жазбалар», «Бөлімдер» немесе «Файлдар». Қойынды атауының қасында жойылған элементтер саны көрсетілген.
- Керекті жолды тауып, «Қалпына келтіру» батырмасын басыңыз.
- Қалпына келтірілген жазба жоба ретінде оралады. Оны ашып, «Жариялау» батырмасын басыңыз.

Кеңес. Себеттегі әр жолда жазбаның атауы, бөлімі және күні көрсетілген, соған қарап керегін тез табасыз. Жойылған файлдар «Файлдар» қойындысында, жойылған өз бөлімдеріңіз «Бөлімдер» қойындысында тұрады.
Себетте тағы не бар
Мұнда жойылған жазбалар, ұйымның өз бөлімдері және файлдар түседі. Себеттегі файлды да жазба сияқты қайтаруға болады. Файл себетте жатқанда, ол сайтта ашылмайды, сондықтан сілтемелері бар құжатты жоймаңыз.
Не тексеру керек
Жазба өз бөлімінде қайта тұр. Ол «Жоба» болып тұрғанда, сайтта көрінбейді.
Жиі кездесетін қате. Жазбаны қалпына келтіріп, іс бітті деп ойлау. Экранда да солай жазылған: қалпына келтірілген жазбаны қайта жариялау керек.