Редактордың алғашқы қадамдары
Жүйеге кіру және өз ұйымыңызды табу
Мақсаты: әкімшілік бөлімге кіріп, өз ұйымыңызда жұмыс істеп отырғаныңызға көз жеткізу.
Қадамдар
- Ұйымыңыздың әкімшісі берген әкімшілік бөлім мекенжайын ашыңыз.
- «Электрондық пошта» мен «Құпиясөз» өрістеріне жұмыс поштаңыз бен құпиясөзіңізді енгізіп, «Кіру» батырмасын басыңыз.
- Беттің жоғарғы жағындағы «Қаз» және «Рус» батырмаларымен тілді таңдаңыз. Таңдауыңыз тіркелгіңізде сақталады, басқа компьютерден кіргенде де сол тіл шығады.
- Кіргеннен кейін ұйымыңыздың «Шолу» беті ашылады. Сол жақ жоғарыда ұйым атауы мен рөліңіз жазылған, мысалы «Мектеп · Редактор».
- Қажетті бөлімдер сол жақ мәзірде: «Мазмұн», «Файлдар», «Өзектілік». Бірнеше ұйымға қолжетімділігіңіз болса, мәзірдің жоғарғы жағындағы ұйым атауын басып, басқасына ауысуға болады.


«Шолу» бетінде сайттың қаншалықты өзекті екені, алдымен нені жаңарту керек екені және өз деректеріңіз көрінеді: ұйым түрі, сайт күйі және «Сіздің рөліңіз».
Не тексеру керек
Сол жақ жоғарғы бұрышта мектебіңіздің немесе балабақшаңыздың атауы мен «Редактор» рөлі тұруы тиіс.
Жиі кездесетін қате. Құпиясөзді ұмытсаңыз, оны болжап көрмеңіз: бірнеше рет қате енгізсеңіз, кіру біраз уақытқа жабылады («Тым көп әрекет жасалды»). Ұйым әкімшісінен құпиясөзді қалпына келтіру сілтемесін сұраңыз.