Редактордың алғашқы қадамдары
Бүгінгі асхана мәзірі
Мақсаты: бүгінгі күнге тамақтану туралы жазба қосу.
Қадамдар
- «Мазмұн» бөлімін ашып, «Бүгінгі мәзір» карточкасын басыңыз. «Тамақтану» бөлімінің бүгінгі күні бар жаңа жазбасы ашылады.
- Мәзір басқа күнге керек болса, «Тамақтану» бөлімін ашып, «Басқа күнге» батырмасын басыңыз. «Бүгінгі жазба» батырмасы бүгінгі күнге апарады.
- «Күні» өрісін тексеріңіз: жазба қай күнге қатысты екені осында тұрады.
- «Қазақша» қойындысында мәзірді «Мәтін (мысалы, мәзір)» өрісіне жазыңыз. Тақырып міндетті емес. Орысша нұсқасын «Русский» қойындысына қосыңыз.
- «Жариялау» батырмасын басыңыз.


Кеңес. Мәзірді таңертең, сабақ басталғанға дейін енгізіңіз: ата-аналар сайтты ең алдымен таңертең ашады. Бірнеше күнді алдын ала дайындау үшін «Басқа күнге» батырмасын пайдаланыңыз.
Не тексеру керек
«Тамақтану» бөлімінде «Күндер бойынша жазбалар» арасында керекті күні бар және «Жарияланған» белгісі тұрған жол бар.
Жиі кездесетін қате. Мәзірді жоба ретінде сақтау немесе басқа күнді қалдыру. Мұндай жазба бүгінгі жаңарту ретінде есептелмейді. Демалыс және мереке күндері мәзір енгізу міндетті емес («Сайттың өзектілігі» курсын қараңыз).